Шаян тіл

lat: Shaıan til

Шағып алатын, улы тілді сөз.

Табалаған жаманның шаян тілі шағып тұр (А.Байтұрсынұлы, Шығ.).

Айтушылар қоя ма өсек-аяң,

Тағы күндеу, тағы бір тілі шаян.

Сырты дос боп, ішінен қастығы бар,

Арамтамақ, ала аяқ, сөзі жаман (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).